Отзыв акима района "Алматы" в г. Астана
- Подробности
- Super User
- Отзывы
- Просмотров: 1246
Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты сәулет және қала құрылысы саласында қызмет ететін, 2005 жылғы 8 қыркүйектен № 0000613 Мемлекеттік лицензиясы бар "Конструктив-А" жобалау компаниясы 2010 жылы бұрынғы №49 "Алтынай", №47 "Ақ желкен", № 43 "Қызғалдақ", №42 "Бәйшешек", №16 "Шағала", №41 "Балдырған" мектепке дейінгі білім беру мекемелері ғимараттарының толық жөндеу жұмыстарын жүргізуде бас жобалаушы ретінде қызмет атқарғаның растайды.
2011 жылы 10 мектеп ауласын абаттандыру бойынша жобалау сметалық қүжаттарын құрастырды.
Міндеттелген жұмыстарды орындау барысында мекеме өзін сенімді мердігер ретінде көрсете білді.
Мекеме жобалары сапасының жоғары болуы - қойылған мақсатқа іскерлікпен, жауапкершілікпен қарап, жоба идеяларын сәулет жобалауларының барлық талаптарына сәйкес орындайтын жоғары санатты мамандардың болуында деп есептейміз.
"Конструктив-А" мекемесі жоба жасау саласындағы барлық біліктік талаптарын қанағаттандырады, сондықтан аталған ЖШС-ті сенімді серіктес ретінде ұсынуға барлық негіздер бар.
С. Ахметов